Мысықтар үшін қандай азық дұрысырақ — ылғалды ма немесе құрғақ па? Бұл сұрақты тіпті тәжірибелі иелер де жиі қояды. Ветеринарлардың осыған қатысты біртұтас пікірі жоқ — азықтың әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Дұрыс үйлесім — мысығыңыздың денсаулығының дәл сол бір кілті!
Purina One сізге мысықтарға арналған дымқыл консервілер туралы және неге оларды жануардың рационына қосу аса маңызды екендігі туралы толығырақ айтып береді. Маңызды нюанс: біз азықтар қаптамаларында азықтандыру бойынша ұсыныстарымызды қалдырамыз, дегенмен жеке азықтандыру режимін ветеринармен келісіп алу дұрысырақ.
Мысықтарға арналған Purina ONE ылғалды азығының артықшылықтары
Ылғалды азықтың басты айырмашылығы — жоғары ылғал мөлшерінде. Ол тек құрғақ азықты тұтынатын мысықтарға жиі жетіспейді. Мысық ішу арқылы өз бетімен әрдайым толтыра алмайтын сұйықтықтың жетіспеушілігі әртүрлі денсаулық мәселелеріне әкеліп соқтырады. Мысалы, бүйрек және несеп шығару жүйесінің ауруларына.
Мысық ешқашан дерлік шөлдемейді. Бірақ ол суды жеткілікті мөлшерде ішсе де, ылғалды азық құрғақ тағамның жақсырақ сіңірілуіне көмектеседі. Оның жұмсақ құрылымы азыққа тәбеттірек көрініс пен табиғи үй тағамына ұқсайтын хош иісті үстеп береді.
Ылғалды азық мысықтың тұтынатын тамақ мөлшерін қадағалау қиынға соғатын иелері үшін де өте қолайлы болады. Порциялық қалташа ветеринарлары салыстырып тексерген азықтың дәл мөлшерін, яғни жануардың денсаулығы үшін рұқсат етілген калориялардың мөлшерін қамтиды.
Сондай-ақ, ылғалды азық тістері мен қызыл иектерімен мәселелері бар мысықтарды азықтандыру үшін де ыңғайлы — оны шайнаудың қажеті жоқ, ал желелі құрылымы азықтану үдерісін ауырсындырмайтын етеді.
Purina One ылғалды азықты мысықтың рационына дұрыстап енгізу жануардың ағзасындағы су теңгерімін тұрақтандыруға көмектеседі де, мысықтың тамақтану жүйесін барлық қажетті қоректік заттар мен дәрумендермен толықтырады.
Purina One ылғалды азығы премиум-қалташаларының кең желісі кез келген мысық тұқымы үшін қолайлы азықты таңдап алуға және оның жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Мысалы, 12 айға дейінгі жастық шақ, семіру немесе сезімтал асқазан. Азықтың құрамы мысықтың дәмдік талғамын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар тұқымға тән денсаулық пен АІЖ-мен байланысты мәселелердің алдын алу үшін үйлестірілген.
Purina One азықтары жыл сайын ең сараптамалық әлемдік рейтингтерге түседі. Ал біздің ғалымдар командамыз фелинология саласындағы ең соңғы зерттеулерді мұқият қадағалап отырып, оларды мысық азықтарын әзірлеу кезінде есепке алады. Purina One ылғалды азық желісі бөлшек сауда дүкендерінде де, жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігімен ғаламтор-дүкенде де ұсынылған.