Сіздің асыранды жануарыңыз ұзақ уақыт бойы сау және жайнақы болып жүре беруі үшін оған сапалы үйлестірілген тағам қажет. Мысықтарға табиғи да, өнеркәсіптік азық та қолайлы — таңдау иесіне байланысты.
Табиғи тағам әрдайым үйлестірілген бола бермейді, өйткені үй жағдайында қоректік заттардың, дәрумендердің, микро- және макроэлементтердің дәл арақатынасын есептеу мүмкін емес. Ал балғын өнімдерді сатып алу, азықты дайындау және диетаға қосымша қоспаларды іздеу — көп еңбек жұмсалатын және шығынды үдеріс. Бұдан басқа, шикі етпен немесе балықпен азықтандырған кезде асыранды жануарыңыздың микробтар мен паразиттермен жұқтыру қаупі айтарлықтай жоғары.
Құрғақ азық — бұл толыққанды дайын рацион. Өнеркәсіптік азықтың артықшылықтары:
- ұзақ сақталады,
- асыранды жануар артық жеп қоймас үшін порцияларды өлшеп беру оңай,
- түйіршіктер жүнге жабыспайды,
- жануардың ағзасын тағамзаттар мен дәрумендер спектрімен қамтамасыз етеді,
- тағамды медициналық көрсеткіштер бойынша таңдап алуға болады,
- уақыт пен қаражатты үнемдейді.
Құрғақ азық ветеринарлармен және диетолог-дәругерлермен бірлесіп әзірленген. Тағамның құрамы асыранды жануарлардың тұқымын, жасы мен жынысын, өмір салтын және ерекше қажеттіліктерін ескереді. Бүгінгі күні дүкен сөрелерінен марғауларға, ірі тұқымды жануарларға, піштірілген еркек мысықтарға, зарарсыздандырылған немесе жүкті ұрғашы мысықтарға, сондай-ақ жылдам артық салмақ қосуға бейім асыранды жануарларға арналған азықтарды тауып алуға болады.
Мысықтарға арналған Purina ONE® құрғақ азығының артықшылықтары
Мысықтарға арналған Purina ONE® құрғақ азығы — Nestlé сарапшылары ветеринар диетолог-дәрігерлерімен бірлесіп әзірлеген толыққанды, үйлестірілген супер премиум сыныпты рацион.
Purina ONE® азығы құрамында мысығыңыздың денсаулығын қолдауға қажетті табиғи құрауыштар ғана бар:
- тұтас дақылдар,
- ет (күркетауық еті, қозы еті, сиыр еті),
- балық (албырт, тунец),
- минералдар кешені, минералдар және аминқышқылдар,
- Омега-6,
- антиоксиданттар,
- пребиотиктер,
- табиғи ашытқы.
Жүйелі пайдалану кезінде Purina ONE® азығы асыранды жануардың белсенді және ойнақы болып қала беруіне көмектеседі, сондай-ақ:
- ағзаны жеңіл сіңірілетін ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен және дәрумендермен қамтамасыз етеді,
- иммунитетті нығайтады,
- тері мен жүн жағдайын жақсартады,
- тіс тасының қалыптасу тәуекелін азайтады,
- ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады,
- мысық науасының иісін азайтуға себептеседі,
- ағзадан жүн түйіршіктерін кетіреді,
- зәр шығару жүйесінің саулығын сақтап тұрады.
Purina ONE® құрғақ азығы мысық тұқымының, жасының, жынысының және денсаулығының ескерілуімен, оның ұзақ және дені сау өмір сүруі үшін жасалған!
Асыранды жануардың рационындағы кез келген өзгерістер ветеринарлармен келісілуі тиіс. Жаңа азықты мәзірге біртіндеп енгізу керек, өйткені жаңа өнімдер жануардың ас қорыту жүйесіне жүктеме түсіреді.