Мысықтарды зарарсыздандыру мен піштіру операциялары — бұл гормоналды өзгерістерге байланысты мінез-құлыққа қатысты бірқатар мәселелерді шешуге көмектесетін, сондай-ақ қажетсіз ұрпақтың пайда болуын болдырмауға көмектесетін қарапайым хирургиялық рәсімдер. Хирургиялық әрекеттен кейін асыранды жануарлар рационды түзетуді қоса алғанда, ерекше күтімді қажет етеді. Соңғысы зарарсыздандырылған немесе піштірілген жануардың денесінде қайтымсыз өзгерістердің орын алуымен шартталған:
- тәбеті артады;
- метаболизмі баяулайды;
- физикалық белсенділігі төмендейді;
- несеп шығару жиілігі төмендейді, соның салдарынан несеп-тас ауруы мен циститтің даму тәуекелі орын алады;
- табиғи гормон өндірісі азаяды.
Зарарсыздандырудан немесе піштіруден кейін асыранды жануарыңыздың мәзірін қайта қарамасаңыз, семіріп кетудің аса жоғары тәуекелі туындайды. Артық салмақ, өз кезегінде, жүрек-қан-тамыр жүйесiне, қимыл-тірек аппаратына және бауырға теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Асыранды жануарыңыздың салмағын бақылау және оны қажетті қоректік заттармен және қуатпен қамтамасыз ету үшін мамандандырылған азықтар бар. Зарарсыздандырылған мысықтарға арналған өнеркәсіптік азықтың ерекшелігі неде:
- рецептура жануардың ағзасындағы өзгерістердің ескерілуімен әзірленген;
- жеңілірек сіңіріледі;
- майлардың төмендетілген мөлшеріне байланысты калориялығы аздау;
- құрамында ақуыздың мөлшері оңтайлы;
- тағамдық талшықтардың жоғары мөлшеріне байланысты тезірек қанықтырады және ас қорытуды жақсартады;
- минералдардың (фосфор, кальций және магний) төмендетілген мөлшері есебінен несеп бөлу жолдары ауруларының даму тәуекелін азайтады.
Зарарсыздандырылған ұрғашы мысықтар мен піштірілген еркек мысықтарға арналған Purina ONE® азығының артықшылықтары
Purina ONE® дайын азықтары — Nestlé мамандары ветеринар диетолог-дәрігерлерімен бірлесіп әзірлеген супер премиум сыныпты үйлестірілген тағам.
Мамандандырылған азықтың құрамында тек жоғары сапалы құрауыштар бар:
- табиғи ет (сиыр еті, тауық еті, албырт);
- малдың майы:
- қызылша;
- жүгері;
- шашыратқы.
Зарарсыздандырылған мысықтарға арналған Purina ONE® азығы қанықтырып қана қоймай, сонымен қатар операциядан кейінгі жануардың ағзасының қажеттіліктерін де қанағаттандырады:
- ақуыздың жоғары мөлшері салмақты ұстап тұруға көмектеседі;
- құрамындағы минералдардың дәл есептелген мөлшері несеп шығару жүйесін қалыпты жағдайда ұстап тұрады;
- азықтың калориялығы аздау, бірақ сапалы құрауыштарының арқасында дәмі мен қоректілігі кем емес;
- жасұнық дұрыс ас қорытуға себептеседі;
- құрамы мен текстурасы тіс тасының қалыптас тәуекелін азайтады;
- дәрумендер, микро- және макроэлементтер иммунитетті нығайтады.
Үйлестірілген рацион — зарарсыздандырылған ұрғашы мысық пен піштірілген еркек мысықтың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізі. Біз пайдалылық пен дәмді тамаша үйлестіретін диеталық азықтың қамын ойлап қойдық! Purina ONE® азығының арқасында мысығыңыз жігерлі, сау, әсемді және көңілді болады.
Мамандандырылған азықты асыранды жануарыңыздың рационына біртіндеп, тіпті операциядан бұрын енгізу керек екеніне назар аударыңыз. Бұл жануардың ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмысын қолдап тұруға мүмкіндік беретін болады.