Skip to main content

Марғауларға арналған азық

Мысығыңызға арнап
Purina ONE® рационын
таңдап алыңыз

Үй жануарыңыз туралы айтып беріңіз және Purina ONE® брендінің виртуалдық көмекшісінің көмегімен тамақтандыру жөнінде жеке ұсынымдарды алыңыз

Азық таңдап алу

Өмірінің алғашқы жылында марғау тез өсіп, дамиды, сонымен қатар оның қатаймаған ағзасы үлкен жүктемеге ұшырайды. Белсенді өсу кезеңінде сәби мысықтың иммунитеті, ас қорыту жүйесі және, жалпы алғанда, бүкіл ағзасы ерекше қолдауды қажет етеді, ал бұл дұрыс таңдалған рацион арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Марғауларға арналған азықтардың ерекшеліктері:

  • құрамында қоректік заттардың оңтайлы мөлшері бар;
  • дәрумендермен, минералдармен, макро- және микроэлементтермен байытылған;
  • жеңіл сіңіріледі;
  • ересек мысықтарға арналған азықпен салыстырғанда калориялығы жоғарырақ.

Марғаулар үшін «жасы 12 айға дейін» таңбаламасы бар премиум және жоғары сегментті тағамды таңдаған жөн, өйткені ол сапалы және қауіпсіз ингредиенттерден жасалған.

Сәби мысықтың күнделікті рационында бір өндірушінің ылғалды және құрғақ азықтарын үйлестіріп тұру ұсынылады:

  • түрлі текстуралардың үйлесімі алуантүрлілікті енгізеді;
  • ылғалды азықпен марғау ағзасы тәуліктік сұйықтықтың жартысынан көбін алатын болады;
  • құрғақ азықты күні бойы тегеште қалдыруға болады, осылайша сәби мысық түйсікті түрде кішкене порциялармен азықтана алатын болады.

Маңызды ескертпе: азықты марғау рационына біртіндеп енгізу және асыранды жануардың тегешінде ауыз судың бар болуын қадағалап тұру қажет.

Марғауларға арналған Purina ONE® азықтарының артықшылықтары

Purina ONE® — бұл өндірісіне өсіп келе жатқан мысық ағзасының қоректік заттарға деген мұқтаждығы туралы бәрін білетін ветеринар сарапшылар қатысатын рациондар. Азық құрамында жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер немесе консерванттар жоқ. Онда тек сапалы құрауыштар бар: тауық еті, тұтас дақылдар, көкөністер, дәруменді-минералды қоспалар.

Марғауларға арналған толыққанды, үйлестірілген Purina ONE® азығы тартымды дәмге ие, қуат қорын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, сондай-ақ:

  • өмір үшін маңызды органдардың дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;
  • жеңіл сіңіріледі;
  • жасұнық ас қорыту жүйесінің жұмысын тұрақтандырады;
  • жеңіл сіңімді ақуыз және фосфор мен кальцийді қоса алғандағы минералдардың оңтайлы мөлшері — бұлшықет пен сүйек ұлпасының қалыптасуына себептеседі;
  • Омега-3 май қышқылы миға және көру қабілетіне пайдалы әсерін тигізеді;
  • азықтың текстурасы тіс пен қызыл иекке күтім жасауға жәрдемдеседі;
  • функционалды бактериялар мен Омега-6 май қышқылы иммунитетті нығайтуға және жүн мен терінің әсемдігін сақтауға көмектеседі.

Өмірдің алғашқы жылындағы үйлестірілген рацион мысықтың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізі болады. Марғауларға арналған Purina ONE® азығы сәби мысықтың сау, білімқұмар, ойнақы және әсемді болып өсуі үшін қоректік заттардың салыстырып тексерілген мөлшерін қамтиды.