Skip to main content

Ересек мысықтарға арналған азық

Мысығыңызға арнап
Purina ONE® рационын
таңдап алыңыз

Үй жануарыңыз туралы айтып беріңіз және Purina ONE® брендінің виртуалдық көмекшісінің көмегімен тамақтандыру жөнінде жеке ұсынымдарды алыңыз

Азық таңдап алу

Асыранды жануардың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізі — сапалы және үйлестірілген азықтану. Мысықтың белсенді болуы және әрлі көрінуі үшін оның рационында барлық қажетті қоректік заттар, соның ішінде дәрумендер мен минералдар болуы тиіс.

Асыранды жануарға арналған тағам түрін таңдағанда, қандай азықтың рационның негізі болатынын шешу керек: табиғи немесе өнеркәсіптік. Табиғи азық қоректік заттардың, дәрумендер мен минералдардың оңтайлы арақатынасын таңдайтын ветеринарының қатысуымен мәзір жасауды тұспалдайды. Тіпті мұқият тәсілдемемен мысықтың ағзасында қоректік заттар тапшылығының қауіп-қатері өте жоғары.

Құрғақ немесе консервіленген дайын азықтың артықшылығы — олардың құрамы кәсіби диетолог-дәрігерлермен әзірленген, және ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, сондай-ақ макро- және микроэлементтер мен дәрумендердің оңтайлы мөлшерін қамтиды.

Бұдан басқа, дайын азық:

  • оңай сақталады,
  • ұзақ уақыт бойы балғындығын сақтайды,
  • жеке қажеттіліктер мен медициналық көрсеткіштердің ескерілуімен, асыранды жануардың рационын таңдап алуға мүмкіндік береді,
  • иелеріне қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Ересек мысықтарға арналған Purina ONE® азығының артықшылықтары

Ересек мысықтарға арналған Purina ONE® азығы — бұл ветеринарлар мен диетолог-дәрігерлердің қатысуымен Nestlé сарапшылары әзірлеген толыққанды супер премиум сыныпты рационы. Азықтар желісімен жұмыс істеген кезде мамандар жануардың өмір салты, тұқымы, жынысы, жеке қажеттіліктері мен қарсы көрсетілімдері сияқты көптеген факторларды есепке алған.

Purina ONE® азығы әрбір асыранды жануарды тамаша дәммен қуантып, денсаулығы мен физикалық дайындығын қолдап тұру үшін оған деген қамқорлықпен жасалған:

  • ет (күркетауық, қозы, тауық, сиыр еті) немесе балық (албырт, тунец) және тұтас дақылдар мысықтың ағзасын қанықтырып, маңызды тағамзаттармен қамтамасыз етеді,
  • минералдар кешені иммунитетті нығайтады,
  • минералдардың оңтайлы мөлшері несеп шығару жүйесінің саулығын қолдап тұрады,
  • Омега-3 және Омега-6 май қышқылдары тері мен жүннің сапасын жақсартады да, оның арқасында асыранды жануардың жүні жылтыр және жібектей көрінеді,
  • пребиотиктер ас қорыту жүйесін қалыпты деңгейде қолдап тұрады,
  • табиғи ашытқы минералдардың жақсы сіңіңірілуіне себептеседі.

Бұдан басқа, Purina ONE® азығын тұтыну:

  • тіс тасының қалыптасу тәуекелін азайтуға,
  • мысық науасының иісі мәселесін шешуге,
  • ішектен түкті түйіршіктерді шығарып тастауға,
  • қалыпты салмақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ересек мысықтарға арналған Purina ONE® азықтар желісінде сіз жануардың жеке қажеттіліктеріне негізделген оңтайлы нұсқаны іріктеп аласыз.

Сіздің мысығыңыз Purina ONE® азығын дәмдік қасиеттері үшін бағалайды. Ал сіз үйлестірілген рационның арқасында асыранды жануарыңыздың қаншалықты жігерлі және әсемді екенін міндетті түрде байқайтын боласыз!

Маңызды ескертпе: асыранды жануардың рационындағы кез келген өзгерістер ветеринармен келісілуі тиіс. Жаңа азықты мәзірге біртіндеп енгізу керек, өйткені жаңа өнімдер жануардың ас қорыту жүйесіне жүктеме түсіреді.