Үй мысықтарының иелері асыранды жануарлары үшін тағамды таңдаған кезде дайын өнеркәсіптік азықты жиірек артық көреді. Мұның себептері бар. Сапалы азықтар толығымен үйлестірілген және асыранды жануардың денсаулығы мен белсенді өмір салтын қолдап тұру үшін қажет нәрсенің барлығын қамтиды. Жақсы азық әрдайым мысықтардың ағзасы үшін басты «құрылыс материалы» болып табылатын жануарлардың ақуызына бай табиғи ет негізінде жасалады. Бұдан басқа, оның құрамында пайдалы өсімдік қоспалары (көмірсулар мен жасұнықтың көздері), майлар (Омега-3 және Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарына бай), сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтер бар.
Дайын азық иесінің уақытын үнемдейді: қолайлы өнімдерді іздеудің және асыранды жануарға тамақты бөлек дайындаудың қажеті жоқ. Тек қаптаманы ашып, ішіндегісін тегешке салып қойсаңыз болғаны. Бұдан басқа, өнеркәсіптік азықтар ұзағырақ сақталып, көп орын алмайды, оларды мөлшерлеу оңай: қаптаманың артқы жағындағы кестеге қарап, жануардың салмағына сәйкес қажетті мөлшерді өлшеп қойсаңыз болды. Барлық жастағы және түрлі денсаулық ерекшеліктері бар мысықтарға арналған азықтардың әртүрлі желілері нақ сіздің асыранды жануарыңыз үшін барынша пайдалысын іріктеп алуға мүмкіндік беретін болады.
Үй мысықтарына арналған Purina ONE® азығының артықшылықтары
Үй мысықтарына арналған Purina ONE® супер-премиум сыныпты азықтары ветеринарлар мен диетологтардың қатысуымен әзірленген. Олар сіздің асыранды жануарыңызға ғана ұнап қоймай, сонымен қатар оның ағзасына да пайда келтіреді:
- Purina ONE® азықтары тек табиғи ингредиенттерден: тауық етінен, күркетауық етінен, көкөністерден және дақылдардан жасалған.
- Құрамындағы жасұнық дұрыс ас қорытуды қолдайды да, ішектің жұмысына пайдалы.
- Құрамында мысықтың денсаулығына қажетті 24 дәрумен мен минерал бар — қосымша қоспаларды сатып алудың қажеті жоқ.
- Тастардың құрылуына әкелетін бүйректегі минералды тұздардың шоғырлануын төмендетіп, несеп шығару жүйесінің саулығын қолдап тұруға көмектеседі.
- Құрамына енгізілген тағамдық талшықтардың арқасында асыранды жануардың асқазанында жүн түйірлерінің пайда болуына кедергі келтіреді.
- Ақуыздың мөлшері жоғары оңтайлы құрамы артық салмақтың қосылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Үй асыранды жануарларына деген сүйіспеншілік — бұл, ең алдымен, олардың денсаулығының қамын ойлау. Ал дұрыс үйлестірілген азықтану — мысықтың ұзақ және сау өмірінің кепілі. Purina ONE® азықтары — сіздің жүнді досыңызға шынайы сүйіспеншілігіңізді білдіру!