Мысықтардағы сезімтал ас қорыту белгілеріне аллергиялық реакциялар, құсу ұстамалары, тәбеттің жоғалуы, көтеріңкі газ түзілу, іш өту немесе қалыптаспаған нәжіс жатады. Ас қорытудағы бұзылыстар асыранды жануардың өмір сүру сапасын нашарлатып қана қоймай, аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. АІЖ-мен мәселелер кезінде тамақтан алынған қоректік заттар дұрыс сіңірілмейді, сондықтан мысыққа ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеуге көмектесетін арнайы рацион қажет.
Ас қорыту жүйесі сезімтал асыранды жануарларға арналған азықтың ерекшеліктері:
- құрамындағы пребиотиктер — ішектегі қорғаныс микрофлорасының өсуін қолдау үшін;
- азықтың құрамында асырандыға қажет емес өнімдердің: бидай глютенінің, тауық етінің және қосалқы өнімдердің немесе сояның жоқтығы;
- құрамындағы дәрумендер мен минералдар кешені және жеңіл сіңірілетін ақуыз;
- неғұрлым қоректік құрамы — бұл ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу үшін порция көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Асырандыңызға премиум және супер премиум сегментті азықтарды таңдаған дұрыс, өйткені мұндай рациондардың әсерін тіпті кәсіпқой емес тұлға да байқайды, ал жануар өзін тезірек жақсы сезінетін болады.
Ас қорыту жүйесі сезімтал мысықтарға арналған Purina ONE® азықтарының артықшылықтары
Purina ONE® — бұл Purina сарапшылары, ветериналары мен диетолог-дәріерлерімен әзірлеген толыққанды рациондар. Мәселені шешудің кешенді тәсілі мысықтардың жеке қажеттіліктерінің есепке алынумен, оларға арналған үйлестірілген азықты жасауға жәрдемдесті.
Purina ONE® желісінде сіз мысығыңыз ұнататын азықты таңдап алатыныңыздай ылғалды және құрғақ азықтар ұсынылған. Рацион құрамында бояғыштар, жасанды консерванттар немесе хош иістендіргіштер жоқ.
Purina ONE® азығы:
- Шашыратқыдан алынған пребиотиктердің арқасында ас қорыту жүйесі мен нәжісті қалпына келтіруге, сондай-ақ науа иісін азайтуға көмектеседі;
- Дәрумендер мен минералдар кешенінің арқасында иммунитетті нығайтады;
- Құрамындағы май қышқылдарының көмегімен тері мен жүн сапасын жақсартады.
Маңызды — мысық рационындағы кез келген өзгерістер ветеринарлармен келісілуі тиіс. Жаңа азықты мәзірге біртіндеп енгізу керек, себебі тосын өнімдер жануардың ас қорыту жүйесіне жүктеме түсіреді.