Skip to main content

Күшіктерге арналған азық

Өнімдер жоқ

Аралас тамақтандыру

Итіңіздің қажеттіліктерін ескеріп жасалған сулы азықтармен құрғақ рационды толықтырып, Purina ONE® брендімен бірге дұрыс тамақтандырыңыз.

Ересек итті азықтандыруға келетін болсақ, азықтың шамасы келуі тиіс негізгі міндеттер болып асырандыны денсаулығын, әсемді сыртқы бітімін, жақсы көңіл-күйін және қуатын қолдап тұру үшін қоректік заттармен қамтамасыз ету табылады.

Бірақ күшіктерге келетін болсақ, азыққа қойылатын талаптар арта түседі. Азық

  • күшіктің қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы, оған жеткілікті қуат пен күш беруі; 
  • ана сүтінен өнеркәсіптік тамаққа ауысқанда күшік өзінің тәбетін сақтап қалатындай дәмді болуы;
  • тамақты сұрау немесе ұрлау әдетін бекітпеу үшін жеткілікті мөлшерде тойымды болуы, күшікке тоқтық сезімін беруі;
  • асырандының кеміру қажеттілігін қанағаттандыру үшін әжептәуір қатты және қытырлақ болуы, сондай-ақ тістерді тіс өңезінен тазартуға себептесуі, бірақ сонымен бірге тістері ауысқан кезеңінде күшік тамақ ішкенде жайсыздық пен ауырсынуды сезінбеуі үшін жеңіл және ауыртпалықсыз кемірілетін болуы; 
  • құрамында дәрумендер мен минералдардың салыстыра тексерілген формуласы болуы, өйткені бұл құраушылардың тапшылығы да, артықтығы да асырандының дұрыс өсуіне, дамуы мен жақсы көңіл-күйіне бірдей зиян келтіреді:
  • мысалы, кальций сүйек тінінің қалыптасуы, жүйке импульстарының берілуі үшін қажет, ол қанның ұю үдерісіне де қатысады. Күшіктерде кальций жетіспеушілігі жүрек мәселелеріне және мешелдің дамуына әкеледі. Бірақ кальций артықтығының да зияны кем емес: ол сүйек өсу аймақтарының ерте жабылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл сүйектердің қисаюына және өсуінің тоқтауына әкеледі, сонымен қатар буын дисплазиясын ұлғайтуы мүмкін. Айта кететін жайт, иттің ағзасына түсетін кальций мөлшерінен басқа, маңызды көрсеткіш болып оның еніп түсетін фосфорға қатынасы табылады. Әдетте, кальцийдің және басқа минералдардың тапшылығын қан талдауы арқылы анықтау мүмкін емес, өйткені ағза қажеттілікке қарай кальцийі сүйек тінінен босатып, оның тұрақты деңгейін қолдап тұрады. Сондықтан, тапшылықты диагностикалаудың ең ақпараттық жолы — рационды талдау. Кальцийден басқа, иттің ағзасы басқа да бірқатар заттарға, сонымен бірге күшіктер үшін оңтайлы мөлшерде мұқтаж.

Күшіктерге арналған Purina ONE азықтарының артықшылықтары:

  • Purina ONE® тауық еті негізіндегі азығындағы макро- және микронутриенттердің математикалық салыстыра тексерілген арақатынасы күшіктің өсуіне, дамуына, белсенділігіне және ағзалары мен жүйелерінің дұрыс қалыптасуына қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 
  • Purina ONE® азығы иттердің азықтануы туралы ғылыми деректер негізінде әзірленген, ал өндірістегі сапаны қатаң бақылау қолдануға оңай әрі қауіпсіз өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Purina ONE® азығымен иесі күшік үшін күрделі рационды құруға мәжбүр болмайды — ұсынылған азық нұсқаларынан тұқымның өлшеміне сәйкес келетінін таңдап алу жеткілікті.