


Аралас тамақтандыру
Итіңіздің қажеттіліктерін ескеріп жасалған сулы азықтармен құрғақ рационды толықтырып, Purina ONE® брендімен бірге дұрыс тамақтандырыңыз.
Әрбір асыранды бірегей және оның жүріс-тұрысына мен өмір салтына әсер ететін ерекше мінезге ие. Кейбір иттер күні бойы жайлы креслода немесе иесінің аяғында жатуға, ал басқалары жүгіруге, ойнауға, спортпен айналысуға және қызметтік міндеттерін орындауға дайын.
Денсаулығы мен қуат қорын қолдап тұру үшін белсенді асырандыға күн сайын ағзаны ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің және минералдардың оңтайлы мөлшерімен қамтамасыз ететін құрамы бойынша үйлестірілген рацион қажет. Қоректік заттардың жетіспеушілігі кезінде белсенді иттің денсаулығы нашарлауы мүмкін, сондықтан қуат қорын және маңызды тағамзаттарды толтыруға көмектесетін толыққанды рационды таңдаудың маңызы зор.
Бүгінгі күні дүкен сөрелерінде белсенді ит тұқымдары үшін арнайы әзірленген құрғақ және ылғалды азықтарды тауып алуға болады — бұл туралы қаптамадағы тиісті таңбалама айтып береді. Мұндай азықтардың ерекшеліктері келесідегідей:
- құрамында бұлшықет тінінің өсуіне және қалпына келуіне себептесетін көбірек мөлшердегі жеңіл сіңірілетін ақуызы бар;
- жігерлі асырандыны қуатпен қамтамасыз ету үшін калориялығы жоғарырақ;
- құрамында олардың әрекеті өмірлік маңызды органдар мен буындардың функцияларын қолдап тұруға бағытталған тағамдық қоспалар бар.
Жоғары сапалы ингредиенттерден жасалған премиум және супер премиум сыныптарындағы азықтарға артықшылық берген дұрыс.
Маңызды ескертпе: иттің рационындағы кез келген өзгерістерді ветеринарлармен келісу қажет.
Белсенді иттерге арналған Purina ONE® азықтарының артықшылықтары
Purina ONE® — бұл асырандыларды азықтандыру саласындағы сарапшылар мен ветеринар диетолог-дәрігерлермен әзірлеген толыққанды азықтар. Белсенді иттерге арналған желі құрғақ және ылғалды азықтармен ұсынылған, бұл сіздің асырандыңыздың рационын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Белсенді иттерге арналған Purina ONE® азықтарының ерекшеліктері:
- қуат беретін, оңтайлы салмақты ұстап тұруға көмектесетін және бұлшықеттердің қалпына келуіне себептесетін жеңіл сіңірілетін жоғары сапалы ақуыздың жоғары мөлшері;
- белсенділік пен төзімділікті қолдап тұру үшін қажетті майлардың оңтайлы мөлшерін қамтиды;
- текстурасы ерекше түйіршіктердің арқасында тіс тасының түзілуін болдырмайды;
- құрамында имунитеттің нығаюына және тері мен жүннің саулығына себептесетін Омега-3 және Омега-6 май қышқылдары, амин қышқылдары мен антиоксиданттар бар;
- құрамында жасанды хош иістендіргіштер, бояғыштар немесе консерванттар жоқ.
Үйлестірілген рацион — сіздің асырандыңыздың денсаулығы мен белсенділігінің негізі. Белсенді иттерге арналған Purina ONE® азығы төрт аяқты досыңызды керемет дәммен қуантады, оған қуат беріп, көптеген жылдар бойы тамаша физикалық пішінде болуына көмектеседі!