Skip to main content

Иттерге арналған құрғақ азық

Аралас тамақтандыру

Итіңіздің қажеттіліктерін ескеріп жасалған сулы азықтармен құрғақ рационды толықтырып, Purina ONE® брендімен бірге дұрыс тамақтандырыңыз.

Әрбір жауапты ие өз итінің сау, белсенді, көңілді және ойнақы болып жүргенін қалайды. Бұл үшін асырандыңыздың қамын ойлау, оны күту жасау және оның азықтануына ерекше назар аудару маңызды. Үй иесінің үстелінен үй тамағы, тіпті ол ең балғын және жоғары сапалы өнімдерден жасалған болса да, иттерге жарамайды. Асырандыңыздың барлық қажетті қоректік заттарды алып тұруы үшін оған үйлестірілген рацион қажет. Азықтанудың қандай түрін таңдау керектігін шешу ғана қалды: табиғи өнімдер ме әлде өнеркәсіптік азық па?

Табиғи азықтанудың негізі — жаңа піскен ет пен балық, субөнімдер, аз мөлшердегі көкөністер және дақылдардың ең аз мөлшері. Сондай-ақ, иттің рационында олардың дәл мөлшерін өз бетімен есептеу екіталай дәрумендер, микро- және макроэлементтер болуы тиіс. Балғын өнімдерді сатып алу, порцияларды есептеу және азықты дайындау уақыт пен қосымша білімді қажет етеді. Ал саяхаттаған кезде табиғи тағам іске аспайтын міндетке айналуы мүмкін. Сонымен қатар, шикі етте немесе балықта жиі паразиттер, бактериялар мен вирустар болады.

Құрғақ азық — бұл сарапшылар мен ветеринар диетолог-дәругерлермен әзірлеген дайын үйлестірілген рацион.  Өнеркәсіптік азық құрамында итке қажетті қоректік заттар мен дәрумендердің салыстырып тексерілген мөлшері бар. Өндіріс үдерісінде мамандар асырандылырадың тұқымын, жасын, өмір салтын, жеке ерекшеліктерін және қажеттіліктерін есепке алып отырады. Сондықтан бүгінгі күні күшіктерге, кішкентай және ірі тұқымды иттерге, белсенді немесе жүкті иттерге, сондай-ақ ас қорыту жүйесі сезімтал, аллергияға немесе артық салмақ қосуға бейім жануарларға арналған азықты іріктеп алуға болады. 

Құрғақ азықтың табиғиға қарағанда несі жақсырақ:

  • сақтауға және өзімен бірге сапарға немесе серуендеуге алып жүруге ыңғайлы,
  • порцияны өлшеу қиынға соқпайды,
  • жеңіл сіңіріледі,
  • құрамында қоректік заттар мен дәрумендердің оңтайлы мөлшері бар;
  • құрамында иттер үшін тыйым салынған өнімдер жоқ (пияз, сарымсақ, авокадо, ысталған ет, дәмдеуіштер, тұз),
  • уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, 
  • жеке параметрлер бойынша азықтандыру жоспарын құруға жәрдемдеседі.

Иттерге арналған Purina ONE® құрғақ азықтарының артықшылықтары

Purina ONE® азықтары — Nestlé сарапшылары, ветеринарлары және диетологтары әзірлеген супер премиум сыныпты толыққанды, үйлестірілген рациондар.

Purina ONE® азықтарының құрамында консерванттар, гормондар немесе бояғыштар жоқ — тек сапалы ингредиенттер: ет, балық, субөнімдер, тұтас дақылдар, кептірілген көкөніс жұмсағы, дәруменді-минералды кешен, балық майы және антиоксиданттар.

Purina ONE® азығын жүйелі түрде тұтынған кезде сіз итіңіздің өзін-өзі сезіну мен сыртқы келбетіндегі оң өзгерістерді байқайтын боласыз:

  • ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың үйлестірілген мөлшері асыранды ағзасын энергиямен қамтамасыз етеді, сондықтан ол ойнақы және белсенді болып жүреді,
  • дәрумендер иммунитетті нығайтады, сондай-ақ жүн мен терінің күйін жақсартады,
  • белгілі бір өлшемдегі, пішіндегі және текстурадағы тілімдер қызыл иектің күтіміне жәрдемдесіп, тіс тасының түзілуін болдырмайды,
  • рецептурасы мен өндіру технологиясы азықтың, демек, барлық қоректік заттардың, микро- және макроэлементтердің жеңіл сіңімділігін қамтамасыз етеді.

Purina ONE® дайын рациондары оның сау, көңілді және әсемді болып қалуы үшін әрбір асырандыға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықпен жасалған. Ал жыл өткен сайын иесіне жақсы көңіл-күй сыйлап жүрсін!

Иттің рационындағы кез келген өзгерістерді ветеринарлармен келісу қажет. Жануардың ас қорыту жүйесіне қосымша жүктемені болдырмау үшін жаңа азықты біртіндеп енгізу ұсынылады.