Skip to main content

Иттерге арналған ылғалды азық

Аралас тамақтандыру

Итіңіздің қажеттіліктерін ескеріп жасалған сулы азықтармен құрғақ рационды толықтырып, Purina ONE® брендімен бірге дұрыс тамақтандырыңыз.

Иттің денсаулығы мен ұзақ өмір сүруі оның рационына тікелей байланысты. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың оңтайлы мөлшері бар толыққанды тамақ жануардың белсенділігін, иммунитетін және әсемді көрінісін қолдап тұруға жәрдемдеседі.

Әрбір иесі өз итіне не дұрысырақ болатынын өзі таңдайды: табиғи немесе өнеркәсіптік азық. Табиғи тамақ балғын жоғары сапалы өнімдер мен тағамдық қоспалардан тұруы тиіс. Бірақ үйде барлық құрауыштардың дәл пропорцияларын есептеу қиынға соғады, сондықтан белгілі бір қоректік заттардың жетіспеушілігі тәуекелі бар. Бұдан басқа, өңделмеген өнімдерге асырандының ағзасына азықпен бірге енетін паразиттер жұққан болуы мүмкін.

Өнеркәсіптік азық неғұрлым қауіпсіз және ыңғайлы: оны дайындаудың қажеті жоқ, сақтау жеп-жеңіл, порцияны өлшеу оңай және ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың және дәрумендердің теңгерімі туралы алаңдамауға да болады. Ең бастысы — премиум және одан жоғары сегменттердің рациондарын таңдап алу.

Дайын азықтар құрғақ және ылғалды болады.

Ылғалды азықтың артықшылықтары:

  • несеп-тас ауруының даму қаупін азайтатын жоғары сұйықтық мөлшері;
  • асырандының ағзасында су теңгерімін қолдап тұруға көмектеседі;
  • тартымды хош иіс;
  • нәзік консистенция — азықты кеміру қиынға соғатын егде асырандыларға жарайды;
  • табиғи тағамдағыдай құрамында ет немесе құс етінің бөліктері бар;
  • ит үшін жеке норманы есептеу ыңғайлы.

Иттерге арналған Purina ONE® ылғалды азықтарының артықшылықтары

Purina ONE® азығы — Purina сарапшылары ветеринарлық диетолог-дәрігерлерімен бірлесіп әзірлеген толыққанды, супер премиум сыныпты рацион.

Purina ONE® ылғалды азықтар құрамына синтетикалық консерванттар, бояғыштар немесе иттерге тыйым салынған өнімдер кірмейді — тек табиғи ет, балық, субөнімдер, көкөністер мен бұршақ тұқымдастар, дәрумендер мен минералдар, антиоксиданттар мен пребиотиктер.

Purina ONE® ылғалды азығын үнемі тұтыну иттің денсаулығын қолдауға және оның тартымды сыртқы келбетін сақтауға жәрдемдеседі:

  • азық, сонымен бірге қоректік заттар, сондай-ақ микро- және макроэлементтер жеңіл сіңіріледі;
  • құрамындағы дәрумендер иммунитетті қолдап тұрады, және жүн мен терінің сапасын жақсартады;
  • нәзік бөліктерді шайнау оңайырақ;
  • құрамында көмірсулары азырақ және ақуызы көбірек, ал ол энергиямен қанықтырып, артық салмақтың қосылуына жол бермейді.

Purina ONE® ылғалды азығы сіздің асырандыңыздың денсаулығы мен сыртқы келбетін сақтауға көмектесіп қана қоймай, оны дәмдік қасиеттерімен де қуантады. Сіздің итіңіз хош иісті тұздықтағы нәзік, дәмді кесектерді құнына қарай бағалайды және ризашылық белгісі ретінде сізге жақсы көңіл-күй мен көптеген жағымды эмоцияларды сыйлап береді!

Маңызды ескертпе: жаңа азықты иттің рационына ветеринарлармен алдын ала кеңескеннен кейін біртіндеп енгізеді.