Skip to main content

Иттерге арналған диеталық азық

Аралас тамақтандыру

Итіңіздің қажеттіліктерін ескеріп жасалған сулы азықтармен құрғақ рационды толықтырып, Purina ONE® брендімен бірге дұрыс тамақтандырыңыз.

Иттер адамдар сияқты олардың денсауылығына әсер ететін артық салмақтан зардап шегуі мүмкін. Семірудің себептерін және асырандыға арналған диеталық рационға деген қажеттілікті тек ветеринар ғана анықтай алады.

Ит келесі жағдайларда салмақ қосуы мүмкін:

  • жүйелі артық тамақтану;
  • семіруге генетикалық бейімділік;
  • эндокриндік патологиялар;
  • кейбір дәрілік препараттарды қабылдау;
  • күйзеліс;
  • төмен белсенділік деңгейі;
  • зарарсыздандыру немесе піштіруден кейінгі гормоналды өзгерістер.

Мәселені шешу үшін маман емдеу жоспарын тағайындайды да, иттің қалыпты азығын артық салмақ қосуға бейім үасырандылар үшін арнайы әзірленген диеталық азыққа өзгертеді. Мұндай азықтың ерекшеліктері келесідегідей:

  • құрамында көмірсулар мен майлар мөлшері азырақ;
  • калориялығы аздау;
  • ақуызбен және жасұнықпен байытылған;
  • құрамында дәруменді-минералды кешені бар.

Тиімділігі дәлелденген және құрамында сапалы ингредиенттері бар премиум және супер премиум сыныптардағы азықты таңдаған жөн.

Маңызды: иттің рационындағы өзгерістерді ветеринарлармен келіскеннен кейін ғана енгізу қажет. Жаңа азыққа кенеттен ауысу жануардың ас қорыту жүйесіне қосымша жүктеме тудыруы мүмкін.

Иттерге арналған Purina ONE® диеталық азықтарының артықшылықтары

Purina ONE® — бұл Purina сарапшылары мен ветеринар диетолог-дәрігерлермен әзірлеген үйлестірілген тамақ. Диеталық азық иттің оңтайлы салмағын, сондай-ақ оның денсаулығы мен белсенділігін қолдап тұруға жәрдемдеседі.

Purina ONE® салмақты бақылау желісі құрғақ және ылғалды азықпен ұсынылған: иттің рационын түрлендіру үшін бір түрін таңдауға немесе екеуін үйлестіруге болады.

Артық салмақ қосуға бейім жануарларға арналған Purina ONE® азығының ерекшеліктері:

  • калориялығы аздау болуына қарамастан тартымды дәмі бар;
  • майдың төмендетілген мөлшері асырандының салмағын қалпына келтіруге мүмкіндік береді;
  • жеңіл сіңіріледі;
  • құрамындағы табиғи жасұнықтың арқасында ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыптандыруға жәрдемдеседі;
  • белсенділікті қолдап тұру үшін тағамзаттардың оңтайлы мөлшерін қамтиды;
  • сапалы ингредиенттерден: күркетауық етінен, тауық етінен, көкөністер мен дақылдардан жасалған;
  • құрамында бояғыштар, жасанды хош иістендіргіштер және консерванттар жоқ;
  • құрамындағы антиоксиданттар мен дәрумендердің арқасында иммунитетті қолдап тұрады;
  • Омега-3, 6 май қышқылдары және дәруменді-минералды кешені тері мен жүн күйін жақсартады.

Purina ONE® диеталық азығы итіңізге тоқтық сезімін үстеп береді және артық салмақ қосу тәуекелін жояды. Үйлестірілген рационның арқасында асыранды жануарыңыз ұзақ уақыт бойы белсенді және сау болып жүре береді!