Skip to main content

Еркек мысыққа қандай лақап ат қоюға болады: идеялар, кеңестер, лақап аттар тізімі

5 мин
Мазмұны
Еркек мысыққа қандай лақап ат қоюға болады: идеялар, кеңестер, лақап аттар тізімі
Мазмұны

Жақсы ат үй жануарыңыздың мінезі мен сыртқы келбетін ғана емес, иесінің бірегейлігін де көрсетеді. Үй жануарыңызды: оның қалай қозғалатынын, нендей нәрселерге зейін салатынын, қандай мінез көрсететінін бақылап көрсеңіз, мұндай атты өз бетіңізше ойлап табу әлдеқайда оңай. Ерекше ассоциациялар, әдемі естілетін және мағынасы әдемі шетелдік сөздер, тағамдардың атаулары, фильмдер мен кітаптардың кейіпкерлерінің аттары немесе тіпті тұрмыстағы күлкілі ұсақ-түйектер шабыт беруі мүмкін. Кейде мүлдем күтпеген сөздің өзі мысыққа мінсіз “жабысады” да, уақыт өте келе оған лайық жалғыз ат болып қалады.

Осы мақалада біз лақап атты қалай таңдау керектігін айтып береміз және еркек мысыққа арналған әдемі, қызықты және ерекше аттардың тізімін ұсынамыз.

Есімді таңдау бойынша жалпы ұсынымдар

Атын таңдау кезінде бірнеше факторларды ескеру маңызды:

Өзіңіз оңай айтатын лақап атты таңдаңыз. Ең дұрысы - 2-3 буын.
Егер ұзын таңдасаңыз, оның қысқалау нұсқасын тауып көріңіз. Мысалы, Сильвестр – Силя, Тимофей – Тима.
Атында “с, ш, кс” дыбыстарының болғаны жақсы. Мысықтар осы дыбыстарды басқаларына қарағанда тез ажыратады.
Аты сіздің ортаңызда бірегей болу керек. Мысыққа жақын адамыңыздың немесе басқа жануардың атын қоймаңыз.

Атын жүнінің түсіне қарай қалай таңдау керек

Түсі - сүйікті үй жануарыңызға ат таңдау кезінде жақсы көмектесетін нәрсе. Мысықтың жүнінің түсі тудыратын ассоциацияларды: сөздерді, кітаптар мен фильмдердің кейіпкерлерін, табиғат құбылыстарын еске түсіріп көріңіз.  Лақап атты құрастыру кезінде көбісі түспен байланысты шетелдік сөздерді пайдаланады: Блэк (ағыл. қара), Смоук (ағыл. түтін), Уайт (ағыл. ақ), Чалк (ағыл. бор), Бланко (исп. ақ)

Қара түстілер үшін: Блеки, Блэк, Дарк, Найт, Нуар, Оникс, Салем, Смоки, Уголёк, Фауст, Черныш.

Ақ түстілер үшін: Айс, Альбус, Белёк, Зефир, Кефир, Клауд, Кокос, Крем, Ландыш, Пломбир, Пушок, Сахарок, Снежок, Сноу, Фрост, Хлопок.

Жирен түстілер үшін: Абрикос, Гарфилд, Леопольд, Лис, Мандарин, Марс, Оранж, Персик, Рыжик, Фокс, Чеддер.

Түрлі түстілер үшін: Дотти, Марбл, Полосатик, Пятнаш, Спотти, Тэбби.

Асыл тұқымды еркек мысықтардың лақап аттары

Әрбір мысық тұқымының өзіндік темпераменті, әдеттері және сыртқы белгілері болады, олар лақап атын таңдау кезінде керемет көмектесуі мүмкін. Мысалы, мейн-кундарға Америкамен байланысты лақап ат қоюға болады, себебі олар осы елден шыққан. Әдеттен тыс ерекше сфинкстерге мифологиялық аттарды қояды, ал манчкин тұқымын Жапонияда жақсы көреді, сондықтан оларды анимедегі немесе мангадағы кейіпкердің атымен атауға болады. Төменде келтірілген идеяларды шабыт көзі ретінде пайдаланыңыз және эксперимент жасаудан қорықпаңыз.

Мейн-кун: Гендальф, Джонни, Здоровяк, Марк, Мистер Биг, Хагрид, Хемингуэй.

Британ мысығы: Альфред, Бенедикт, Генри, Джулиан, Кингсли, Маршал, Самуэль, Чарльз, Черчиль, Шерлок, Эдвин.

Рэгдолл: Арчи, Блоссом, Лапкин, Маффин, Неженка, Плюш, Разявка, Санни, Софти.

Сфинкс: Адонис, Анубис, Бальтазар, Гермес, Голлум, Каир, Маг, Нил, Осирис, Сет, Тот, Фараон.

Манчкин: Блекберри, Кноп, Крош, Макото, Мышонок, Пупс, Смол, Суслик, Харуто, Хаул.

Ориентал: Дамбо, Добби, Миндаль, Оззи, Сет, Френки.

Парсы мысығы: Лукум, Мускат, Персик, Пушок, Софти, Флаф.

Орыс көк мысығы: Арсений, Борис, Грей, Гриша, Дымок, Сильвер, Смоки, Феликс.

Норвегиялық орман мысығы: Бьёрн, Викинг, Йотун, Локи, Нильс, Север, Тор, Тур, Форест.

Мінезіне қарай қойылатын лақап аттар

Мысықтарға мінезінің ерекшеліктерін анық көрсететін аттарды қойған дұрыс.  Кейбір мысықтар өздерін нағыз ақсүйектерге ұстайды, ал басқалары - қажымайтын әумесер болады. Мәнерлі ат осы даралықты астыртын көрсете алады. Темпераменттері әртүрлі жануарларға қоюға болатын бірнеше нұсқаны ұсынамыз.

Белсенді мысық үшін: Банзай, Буян, Вольт, Игрик, Рокки, Тайфун, Форсаж, Шкод, Шоки.

Сабырлы мысық үшін: Балу, Кабачок, Ленчик, Мирон, Плюша, Соломон, Тиша, Тюлень, Чилл.

Ерке мысық үшін: Бадди, Дружок, Ласик, Мистер Тёркин, Нежик, Тедди.

Еркіндікті сүйетін мысық үшін: Аслан, Барон, Граф, Монах, Профессор, Самсон, Сенсей, Старк, Фидель.

Еркек мысықтарға арналған әдемі және әмбебап лақап аттар

Марғау әлі кіп-кішкентай болған кезінде оның болашақта мінезі қандай және тіпті сыртқы келбеті қандай болатынын айту қиын. Мұндай жағдайда әдемі естілетін және кез келген мысықтың мінезіне сай келетін әмбебап ат таңдауға болады.

Еркек мысықтарға арналған әдемі және әмбебап лақап аттар

Алекс, Артур, Барсик, Басик, Боско, Бублик, Валентин, Валерьян, Вискас, Генри, Джейд, Джун, Джус, Жан, Итан, Кекс, Кузя, Лео, Леон, Лучик, Марк, Мурчик, Ники, Никс, Плюш, Пух, Ричи, Тимон, Тимофей, Тоби, Том, Филипп, Филя, Шарм, Шерман, Яша.

Қызықты және ерекше аттар

Еркек мысыққа ат таңдау кезінде марғаудың мінезі білдіретін және иесінің жымиысын тудыратын ерекше сөзді пайдалануға болады. Әзілі бар аттар қатарын ұсынамыз:

Бзик, Бонбон, Гуляш, Желток, Зубик, Камамбер, Кефир, Компот, Кофеёк, Крыжовник, Кусь, Мотор, Наггетс, Носок, Нудл, Обжорка, Окорочок, Пармезан, Пекорино, Пельмень, Питон, Помпон, Рамен, Санчо, Сухарик, Цикорий, Цукат, Фунтик, Хрюша, Шпрот, Шпион, Яволь.

Дөрекі лақап аттар

Егер сізге ересек және байсалды мысық бұйырған болса немесе мысығыңыздың бойынан айбарлы жолбарыстың белгілерін байқасаңыз, мына лақап аттарды ұсынамыз:

Атаман, Бандит, Брюс, Вулкан, Зевс, Комбат, Марс, Пират, Плутон, Скиф, Тигр, Хантер, Шейх, Шериф, Шерхан, Шрам, Шторм.

Маңғаз және сирек кездесетін аттар

Нәзік және намысты еркек мысықтарға бұрынғы заманнан алынған әдемі аттарды қоюға болады:

Август, Альберт, Беннедикт, Виго, Винсент, Гавриил, Генри, Джаспер, Дориан, Епифан, Ирвинг, Камиль, Леонард, Лэнс, Орфей, Отто, Паскаль, Персиваль, Рауль, Седрик, Сократ, Спартак, Спенсер, Флинн.

Фильм, мультфильм кейіпкерінің немесе атақты адамның аттары

Еркек мысыққа қойылатын лақап атты сүйікті кітаптарыңыз бен фильмдеріңізден алуға болады. Біздің тізімімізді қарап шығыңыз немесе сіздің сүйікті үй жануарыңызға ұқсас кейіпкерді таңдап алыңыз.

Адамс, Бонд, Бруклин, Вуди, Ганнибал, Гермес, Гэтсби, Дарси, Джастин, Живаго, Зорро, Индиана, Леголас, Лоуренс, Люциус, Марти, Мистер Коллинз, Немо, Сойер, Тарзан, Тирион, Фредди, Френк, Хоумлендер, Хьюго, Йода, Чавес.

Еркек мысыққа қандай атты қоймаған дұрыс

Өздеріңіз көріп тұрғандай, еркек мысыққа арналған атты таңдау кезінде - бірегейлікті көрсетуге мүмкіндік көп. Дегенмен де, үй жануарыңызға жағымсыз немесе намысқа тиюі мүмкін ат қоймаған дұрыс. Таңдамауға кеңес беретін бірнеше түрін ұсынамыз:

Тым ұзын көп бөліктен құралатын ат. Сіз оны құжаттарда пайдалана аласыз, бірақ күнделікті шақыру үшін оның қысқартылған нұсқасын пайдаланған жөн.
Балағат, тыйым салынған сөздер 
Фонетикалық жағынан “жоқ” немесе “болмайды” сөздеріне ұқсас аттар. Мысық сізді бірден түсіне алмай қалады.
Жағымсыз бір нәрсемен ассоциацияланатын аттар. Сіздің және айналаңыздағы адамдардың оң пікірін тудыратын аттарды таңдаған дұрыс.
Уақытша ат. Егер сіз атын ересек болғанда ауыстыратын болсаңыз, үй жануарыңызға оған үйрену қиын болады.

Еркек мысықты атына қалай үйретуге болады

Ұрғашы және еркек мысықтарға позитивті сөздерді немесе әрекеттерді қосып үйрету оңай. Егер атын айтқаннан кейін жағымды нәрсе болып жатса, үй жануарыңыз өз лақап атына сүйсіне жауап қайтаратын болады. Тамақ берер алдында, ойнау немесе сипалау үшін шақыру кезінде әрдайым мысығыңызды атымен шақырыңыз.

Сонымен қатар марғауға мақсатты түрде жаттығу жасағандай лақап атын айтқанда қарауды үйретуге болады. 4-7 минуттық мақсатты сессияларды ұйымдастырыңыз. Былай үйретіңіз: сүйікті үй жануарыңызды атымен шақырыңыз және жауап қайтарған жағдайда дәмді тамақ беріңіз. Мысалы,  Purina ONE® ұсынатын марғауларға арналған тауық еті мен сәбіз қосылған дымқыл азық.

Еркек мысықтарға арналған әліпби бойынша келтірілген аттар

Оңай болу үшін мақалада аталған аттардың барлығын әліпби тәртібімен тізім түрінде ұсынамыз.

А

Абрикос, Август, Адамс, Адонис, Айс, Алекс, Альберт, Альбус, Альфред, Анубис, Арсений, Артур, Арчи, Аслан, Атаман.

Б

Бадди, Балу, Бальтазар, Бандит, Банзай, Барон, Барсик, Басик, Белёк, Беннедикт, Бзик, Блекберри, Блеки, Блоссом, Блэк, Бонбон, Бонд, Борис, Боско, Бруклин, Брюс, Бублик, Буян, Бьёрн. 

В-Г

Валентин, Валерьян, Виго, Викинг, Винсент, Вискас, Вольт, Вуди, Вулкан, Гавриил, Ганнибал, Гарфилд, Гендальф, Генри, Гермес, Голлум, Граф, Грей, Гриша, Гуляш, Гэтсби.

Д-З

Дамбо, Дарк, Дарси, Джаспер, Джастин, Джейд, Джонни, Джулиан, Джун, Добби, Дориан, Дотти, Дружок, Дымок, Епифан, Жан, Желток, Живаго, Здоровяк, Зевс, Зефир, Зорро, Зубик.

И-К

Игрик, Индиана, Ирвинг, Итан, Йода, Йотун, Кабачок, Каир, Камамбер, Камиль, Кекс, Кефир, Кингсли, Клауд, Кноп, Кокос, Комбат, Компот, Кофеёк, Крем, Крош, Крыжовник, Кузя, Кусь.

Л-М

Ландыш, Лапкин, Ласик, Леголас, Лео, Леон, Леонард, Леопольд, Лис, Локи, Лоуренс, Лукум, Лучик, Лэнс, Люциус, Маг, Макото, Мандарин, Марбл, Марк, Марс, Марти, Маршал, Маффин, Миндаль, Мирон, Мистер Биг, Мистер Коллинз, Мистер Тёркин, Монах, Мотор, Мурчик, Мускат, Мышонок.

Н-П

Наггетс, Найт, Неженка, Нежик, Немо, Ники, Никс, Нил, Нильс, Носок, Нуар, Нудл, Обжорка, Оззи, Окорочок, Оникс, Оранж, Орфей, Осирис, Отто, Пармезан, Паскаль, Пекорино, Персиваль, Персик, Пельмень, Пират, Питон, Пломбир, Плутон, Плюш, Плюша, Полосатик, Помпон, Профессор, Пупс, Пух, Пушок, Пятнаш.

Р-С

Разявка, Рамен, Рауль, Ричи, Рокки, Рыжик, Салем, Самсон, Самуэль, Санни, Санчо, Сахарок, Север, Седрик, Сенсей, Сет, Сильвер, Скиф, Смоки, Смол, Снежок, Сноу, Сойер, Сократ, Соломон, Софти, Софти, Спартак, Спенсер, Спотти, Старк, Суслик, Сухарик.

Т-У

Тайфун, Тарзан, Тедди, Тигр, Тимон, Тимофей, Тирион, Тиша, Тоби, Том, Тот, Тор, Тур, Тэбби, Тюлень, Уголёк.

Ф

Фараон, Фауст, Феликс, Фидель, Филипп, Филя, Флаф, Флинн, Фокс, Форест, Форсаж, Фредди, Френк, Френки, Фрост, Фунтик.

Х-Ц

Хагрид, Хантер, Харуто, Хаул, Хемингуэй, Хлопок, Хоумлендер, Хрюша, Хьюго, Цикорий, Цукат.

Ч-Я

Чарльз, Чавес, Чеддер, Черныш, Черчиль, Чилл, Шарм, Шейх, Шериф, Шерлок, Шерман, Шерхан, Шкод, Шоки, Шпион, Шпрот, Шрам, Шторм, Эдвин, Яволь, Яша.

Пайдалы материалдар
Мейн-кун
Мейн-кунның мінезі, мысық тұқымының ерекшеліктері мен күтімі туралы егжей-тегжей. Күту, азықтандыру, денсаулық және тәрбиелеу бойынша кеңестер. Марғауды қалай таңдап алу керек және қызықты фактілер.
7 мин
08 қазан 2026
Еркек мысыққа қандай лақап ат қоюға болады: идеялар, кеңестер, лақап аттар тізімі
Жирен, қара, сұр, ақ түсті еркек мысыққа лақап ат таңдап алуға көмектесеміз. Әртүрлі тұқымды еркек мысықтарға арналған әдемі лақап аттар. Үй жануарыңызға қандай бірегей ат қоюға болатынын біліп алыңыз.
5 мин
08 қазан 2026
Ұрғашы мысыққа қандай ат қоюға болады
Әрбір мысықтың даралығы бар. Әйгілі лақап аттардың ішінде асырандының мінезін білдіретін шынымен есте қаларлық есімдер онша көп емес. Қазіргі таңда иелері үй асырандыларына лақап атты таңдауға неғұрлым байыптылықпен қарайды, бірақ лақап аттардың көптігінде адасып кетеді.
4 мин
03 сәуір 2026