Мысықты қалай дұрыс тамақтандыру керек?
Аралас азықтандырудың дәлелденген тиімділігі және мысықтың жеке қажеттіліктерінің ескерілуімен табиғи тағамның керемет дәмі
Әрине, әрбір мысықтың өз қалаулары бар, және ол үшін тек құрғақ немесе тек ылғалды азықты таңдай аласыз. Purina ONE® құрғақ азығында да, ылғалды азығында да мысыққа қажетті барлық заттар мен микроэлементтер бар.
- Неден бастау керек
- Біртіндеп көшу
- Оңтайлы рацион
Жаңа рационға қаншалықты тез көшуге болады?
Асырандыңыздың рационын күрт өзгертуге болмайды. Біз жаңа азықты біртіндеп енгізуді және басқа рационға 7-10 күн ішінде бірқалыпты көшуді ұсынамыз.
Ылғалды азықты рационға енгізуді қалай бастау керек?
Мысықтың жаңа азықты жақсы көріп және оған үйреніп кетуі үшін алғашқы танысуы жағымды эмоциямен ассоциациялануы тиіс. Сондықтан, алдымен, оған дәмді тағам немесе сыйлық ретінде кішкене бөліктерді беріп тұруға болады. Осылайша, мысық оның бойындағы жағымды ассоциацияларды тудыратын жаңа текстураға, хош иіске және дәмге үйренеді. Сонымен, мысық жаңа тағамды қуанышпен жеуге үйреніп кетеді, ал жаңа рационға көшу мүмкіншілігінше жайлы болады.
Мысығымды жаңа диетаға қалай толығымен көшіруге болады?
Сіздің мысығыңыз сізге өзі айтып береді. Оның тәбетін қадағалап тұрыңыз — ол ылғалды азыққа қызығушылық танытқанда, диета ұсынған көлемге жеткенше үлкенірек порцияларды біртіндеп бере бастаңыз. Мысықты артық азықтандырмау үшін рациондағы құрғақ азықтың мөлшерін аз-аздап азайта бастаңыз.
Құрғақ және ылғалды азықты үйлестіре отырып, мысықты қалай дұрыс азықтандыру керек?
Әрбір мысық — бірегей, сондықтан күнделікті рационы оның ерекшеліктеріне сүйене отырып таңдау керек. Егер сіз өзіңіздің асырандыңыздың рационына ылғалды азықты енгізетін болсаңыз, оны күн сайын құрғақ азыққа қандай арақатынаста беру керектігін анықтап алу маңызды.
Қандай азықты қашан беру керек?
Мысығыңыздың әдеттеріне бет ұстаңыз. Мысалы, «биологиялық сағат» бойынша, мысықтардың көпшілігі таң атар және күн батар алдында белсендірек. Егер сіздің мысығыңыз өзін дәл осылай ұстаса, оған таңертең және кешке ылғалды азықты беруге тырысыңыз.
Менің мысығым үшін қандай порция мөлшері оңтайлы екенін қалай түсінуге болады?
Мысығыңызды күнделікті тамақтандыру жоспарын жасауға көмектесуін сұраңыз. Құрғақ азықтың күнделікті нормасын өлшеп, мысық оны күні бойы қандай порциямен жейтінін бақылаңыз.
Мен мысықты қаншалықты жиі азықтандыруым керек?
Мысықтар әртүрлі азықтандыру режимдеріне бейімделе алады. Сізге де, мысығыңызға да қолайлы болатын оңтайлы кестені тауып алыңыз. Оның азықтану әдеттерін әрдайым мұқият қадағалап тұрыңыз, өйткені олардағы өзгеріс — мысық денсаулығының маңызды көрсеткіші.